17 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №18

300 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 20 қаңтар, Астана қаласы «Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11473 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесінде, мөлшерлемелер көлемінде және олардың қолданылу мерзімінде: « 2709 00 900 94 Шикі мұнай - 60 доллар 60 доллар тұрақты » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 2709 00 900 94 Шикі мұнай - 40 доллар 40 доллар 2016 жылғы 31 желтоқ­сан­ды қоса алғанға дейін ». 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесін жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛген» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы 20 қаңтар «КЕЛІСІЛген» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ___________В. Школьник 2016 жылғы 20 қаңтар Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12895 болып енгізілді.